«KAZsport» телеарнасы күрес түрлерінен Азия чемпионатын көрсетеді
23-27 сәуірде Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. «KAZsport» телеарнасы бұл турнирден күн сайын алты сағаттан хабар таратады.
Елорда бозкілемінде Азияның үздік палуандары күш сынаспақ. Иран, Оңтүстік Корея, Жапония, Үндістан елдері жарысқа толық құраммен келмек.
Азия чемпионатының кестесі:
23 сәуір — еркін күрес: 57 келі, 65 келі, 86 келі, 125 келі, әйелдер күресі - 58 келі;
24 сәуір — еркін күрес: 61 келі, 70 келі, 74 келі, 97 келі, әйелдер күресі - 48 келі;
25 сәуір — әйелдер күресі: 53 келі, 55 келі, 60 келі, 63 келі, 69 келі;
26 сәуір — әйелдер күресі: 75 келі, грек-рим күресі 59 келі, 71 келі, 85 келі;
27 сәуір — грек-рим күресі: 66 келі, 75 келі, 80 келі, 98 келі, 130 келі.
Фото: akipress.org