Тайландта өткен күрес түрлерінен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында жас палуандарымыз сәтті өнер көрсетті
Еркін күрестен 54 келіде ел намысын қорғаған Мұхамбет Қуатбек чемпион атанды. Грек-рим күресінен 69 келіде Евгений Поливадов топжарса, қыздардан – Ирина Капитанова 65 келіде қарсыластарының бәрін жеңді.
Ал 70 келіде сынға түскен Мерей Дүйсенова күміс медаль еншіледі.
Грек-рим күресінен 60 келіде Алтынай Сатылған, 76 келіде Сейдахмет Дүйсенов және 100 келіде Антон Савенколар қола жүлде иеленді.