Гаджиев ел чемпионатының финалында сүрінді
Қарағандыда грек-рим күресінен Қазақстан біріншілігі басталды. Турнирдегі біз күтпеген жеңіліс деп Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Даниял Гаджиевтің финалда сүрінуін айтуға болады (80 келі). Гаджиевтің алдын ораған Азамат Күстібаев, деп хабарлайды confederation.kz.
Қазақстан чемпионатының бірінші жарыс күніндегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
59 келі
1. Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе облысы)
2. Бағлан Жақанша (Алматы)
3. Кұдайберген Тұрсынов (ШҚО), Нұрлан Әлжанов (Қарағанды облысы)
71 келі
1. Демеу Жадыраев (Алматы облысы)
2. Мирас Баршалықов (Қостанай облысы)
3. Эльдар Қайратов (Астана), Жәнібек Қандыбаев (Жамбыл облысы)
80 келі
1. Азамат Күстібаев (Астана)
2. Даниял Гаджиев (БҚО)
3. Жасұлан Қошанов (Қарағанды облысы), Ілияс Гучигов (Қостанай облысы)
98 келі
1. Жанарбек Қабдолов (СҚО)
2. Илья Насточенко (Атырау облысы
3. Еркін Шәйкенов, Михаил Изотов (екеуі де Павлодар облысы)