Еркін күрестен Д.Қонаев атындағы турнир өтеді
Еркін күрсетен Қазақстан Ұлттық құрамасы Дінмұхамед Қонаев атындағы турнирге дайындықты бастады.
Қазақстандық палуандар алғаш рет оқу-жаттығу жиынын Алматы маңындағы Бәйтерек елді мекенінде өткізеді. Команда бұл жерде екі апта жаттығады, кейін оңтүстік астанада жалғастырады. Командаға бас бапкер Руслан Өмірәлиев жетекшілік етеді.
Дінмұхамед Қонаев атындағы турнир Тараз қаласында үшінші рет өтпек. Өткен жылы ФИЛА күнтізбесіне енгізілген. Жарысқа 10-нан астам елдің палуандары қатысады. Сонымен қатар, турнирдің жүлде қоры да қомақты. Жаттықтырушылар құрамы үшін бұл Азия Ойындары алдында палуандарды сынақтан өткізу болмақ.