Нұрмахан Тінәлиев FILA рейтингінде 11-ші орынға көтерілді
Грек-рим күресінен жаңартылған әлемдік рейтингінде қазақстандық палуандардың төмендегені байқалады, деп хабарлайды Kazakhstan Wrestling Online.
Тек Азия чемпионатының нәтижесі арқылы қазақстандық палуандар үздік жиырмалықтың қатарына енген. Ал жақында Германияда өткен Гран-приде топ жарған Нұрмахан Тінәлиев 11-ші орынға көтерілді.
FILA рейтингісіндегі қазақ палуандарының орындары:
71 келі — Мақсат Ережепов (20 орын);
80 келі — Азамат Кұстыбаев (12 орын);
85 келі — Нұрсұлтан Тұрсынов (15 орын);
98 келі — Ерұлан Ысқақов (13 орын);
130 келі — Нұрмахан Тінәлиев (11 орын).