Дзюдошы Мариан Ордабаева қола жүлде жеңіп алды
Қазақстандық дзюдошы Моңғолияда басталған Гран-приде қола медаль жеңіп алды.
Мариан Ордабаева 63 келіге дейін салмақта белдесті. Ол алғашқы белдесуде Сингапур палуаны Таню Форичоннан айласын асырды. Алайда, жартылай финалда Германия спортшысы Мартина Трайдоштан жеңіліп қалды.
Дегенмен ынтыландыру турнирінде белдесуге мүмкіндік алып, татами иелері Мунгунчимег Балдорж бен Цереннадмид Ценд-Аюштен басым түсті. Соңғы жеңіс қазақстандық спортшыға қола жүлде әкелді.
Моңғолия астанасы Улан-Баторда Гран-при турнирінің екінші күні аяқталды. Жарыстың алғашқы күні қазақстандық спортшылар жеңіс тұғырына көтеріле алмады. Турнирдің үшінші күні бозкілемге 78 келі салмақта Зарина Райфова шығады.