Словакиядан тағы бір жүлде
Словакияда өтіп жатқан күрестен кадеттер арасындағы Әлем чемпионатында 58 келідегі қазақстандық палуан Қуатбек Мұхамбет қола жүлде иеленді.
Бұл туралы Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы хабарлады. Қуатбек Мұхамбет қола медаль үшін өткен кездесуде түркиялық Әли Каманы жеңіп, жүлдегер атанды.
Қазірге дейін Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Ернар Фидахметов грек-рим күресі бойынша әлем чемпионы атанса, Ирина Капитанова (әйелдер күресі) күміс жүлдені иеленген болатын.