«Эбола» вирусы тараған мемлекеттердің спортшылары күрестен Әлем чемпионатына қатыспайды
«Эбола» вирусы тараған мемлекеттің спортшылары Өзбекстанда өтетін күрес түрелі бойынша Әлем чемпионатына қатыстырылмайды.
Күрес түрлерінің халықаралық федерациясы (FILA) Батыс Африка мемлекеттерінің спортшыларын өз еліне қабылдамау туралы Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігіне хат жіберген.
Күрестен Әлем чемпионатына Либерия, Сьерра-Леоне, Нигерия және Конго мемлекеттерінің спортшылары қатыса алмайды.
Естеріңізге сала кетейік, Әлем чемпионаты 8-14 қыркүйек аралығында Ташкент қаласында өтеді.