«Әлем Барысында» Әзірбайжан елінің намысын қорғайтын палуан белгілі болды
25 қазан күні Павлодар қаласында өтетін «Әлем Барысы» халықаралық турнирі өтеді. Бұл жарысқа әлемнің 32 елінен палуандар келеді. Сонымен қатар, Қазақстан атынан төрт палуан қатысады. Турнирге тек салмағы 90 келіден асатын түйе палуандар ғана күш сынасады.
«Әлем Барысы» жарысына қатысатын шетелдік палуандар да белгілі бола бастады. Сол үздіктердің бірі Әзірбайжан мемлекетінің палуаны – Ахмедов Амираслан Эйвазоглы.
Туған жері: Баку қаласы (Әзірбайжан).
Жасы: 20, 1994 жылы туған.
Бойы: 180 см.
Салмағы: 115 келі.
Әзірбайжан Мемлекеттік Спорт және денешынықтыру Академиясының 4 курс студенті.
Сумо күресінен спорт шебері.
Жетістіктері:
Сумодан Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері (2010 ж.).
Сумодан Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері (2010 ж.).
Сумодан Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері (2011 ж.).
Сумодан Әлем біріншілігінің қола жүлдегері (2012 ж.).
Сумодан Еуропа біріншілігінің жеңімпазы (2012 ж.).
Сумодан Еуропа біріншілігінің жеңімпазы (2013 ж.).
Сумодан Еуропа біріншілігінің жеңімпазы (2014 ж.).
Алыш күресінен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері (2014 ж.)
Сумодан Әзірбайжан чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы (2010, 2011, 2012, 2013, 2014 ж.ж.).
vk.com/kazakhstanbarysy_2014