Ертең Астанада дзюдодан әлемдік Гран-при басталады
Бүгін 10-12 қазанда Астанада өтетін дзюдодан әлемдік Гран-при жарысының («Сарыарқа» республикалық велотрегі) баспасөз мәслихаты өтті.
«Бізді осылай жылы қабылдағандарыңызға рахмет. Қазақстандық дзюдошылар Инчхондағы Азия ойындарында жақсы нәтиже көрсетті. Енді олар әлемдік Гран-при кезеңінде де жақсы күреседі деп ойлаймын. Біз Астанадағы Гран-при кезеңінің ұйымдастырылу деңгейі жақсы екенін көрдік. Енді келесі жылы Астана өтетін дзюдодан Әлем чемпионаты да осындай жоғары деңгейде болады деп сенеміз», - деді Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) спорт директоры Владимир Барта.
Еске сала кетейік, жарысты «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.