Отырар өңірінде палуандар сынға түсті
«Күш – атасын танымас», деген халқымыз білекті жігіттердін қашанда биікке көтеріп, беделін асқақтатқан. Бірде-бір жиын-той сол палуандарсыз өтпеген.
Ұлттық ойындарды ұлықтау кейінгі кездері кең етек жайып келеді. Осындай игі шаралардың бірі – Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар өңірінде өтті. Ауыл жастарының ұйымдастыруымен өткен жарыста еліміздің 5 облысынан 10 құрама, яғни, 120 палуан бақ сынасты.
«Бұл – жарысты ұйымдастырудағы мақсат – жастарымызды жаман әдеттен бас тартуға шақыру. «Қазақстан Барысы» турнирінен кейін жастарымыздың қазақ күресіне деген ынта-ықыласы артуда. Сол себепті, мұндай жарыстардың қатарын көбейтіп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында өткізіп жатырмыз»,-дейді спорт шебері, жаттықтырушы Мұхан Рысдәулет.
Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының палуандары қатысқан республикалық додада Отырар ауданының жігіттері оза шапты. Түйе палуанға темір тұлпар табыс етілсе, қалған жеңімпаздардың жүлдеқоры 500 мың теңгені құрады.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіздер.