Грек-рим күресінен Алматы облысының командасы жеңіске жетті
Астанада күрестің үш түрінен өтіп жатқан ҚР Кубогындағы грек-рим күресінен облыстық командалар арасындағы жарыста Алматы облысының палуандары жеңіске жетті.
Бастапқы кезеңде турнир жеңімпаздары Атырау облысын 7:1, Солтүстік Қазақстан облысын 5:3, ал Ақмола облысын 6:1 есебімен ұтты.
Жартылай финалда Алматы облысының күрес шеберлері атақты палуан Георгий Цурцумия (2004 жылы Афинада өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері) жаттықтыратын елордалық команданы 5:3 есебімен жеңіп, финалға шыққан еді.
Осылайша жарыстық алтын жүлделерін Алматы қаласы мен Алматы облысы сарапқа салды. Финал:
Алматы қаласы – Алматы облысы 3:5
59 кг. Қорлан Жақанша - Абылай Кәріпжанов 0:8
66 кг. Бағлан Жақанша - Нұртай Нұрғалиев 0:8
71 кг. Марат Қожаппас - Демеу Жадыраев 2:10
75 кг. Дәулет Жақсылықов - Азамат Дүмбіров 9:8
80 кг. Даниял Гаджиев - Дидар Керімбаев 8:3
85 кг. Алхазур Оздиев - Саят Сарманбеков 10:0
98 кг. Жасұлан Садықов - Марғұлан Әсембеков 0:2
130 кг. Данияр Марвен - Нұрмахан Тінәлиев 0:8
Осылайша, грек-рим күресінен командалық жарыста ҚР Кубогын Алматы облысы жеңіп алса, Алматы қаласы күміс, ал қола жүлдені Оңтүстік Қазақстан облысын жеңген Астана қаласының палуандары иеленді.
Енді 31 қазан – 1 қараша аралығында ҚР Кубогы үшін еркін күрес шеберлері сынға түседі.
Айта кетейік, бұл жарыстың іріктеу кезеңі мен финалын «KAZsport» телеарнасы көрсетеді.