Еркін күрестен ел кубогын Алматы облысының палуандары иеленді
Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде еркін күрестен ҚР Кубогы сарапқа салынды. Бұл жолы да Алматы облысының құрамасы топ жарды. Бұл өңірдің палуандары грек-рим күресінен қарсылас шақ келтірмеген еді.
Алматы облысының палуандары «D» тобында Қарағанды облысын 5:3 есебімен ұтты. Келесі кездесуде Ақтөбе облысымен 4:4 есебімен тең түсіп, тек қосымша көрсеткіштер бойынша жеңімпаз атанды. Бұл топта Батыс Қазақстан облысының құрамасы жарысқа келген жоқ.
«А» тобында Жамбыл облысының палуандары үздік шықты. Олар Қызылорда (5:3), Қостанай (6:2) және Ақмола облыстарының (6:2) палуандарынан басым түсті.
«В» тобында барлық кездесуде жеңіске жеткен Астана қаласының құрамасы бірінші орын алды. Олар Атырау мен Павлодар облыстарын 6:2 есебімен ұтса, Шығыс Қазақстан облысының құрамасын 7:1 есебімен жеңді.
«С» тобында Алматы қаласының палуандарына тең келер ешкім болмады. Олар Маңғыстау (7:1), Солтүстік Қазақстан (8:0) және Оңтүстік Қазақстан облыстарының (5:3) құрамаларын ұтты.
Жартылай финалға әр топтың үздік құрамалары – Астана, Алматы, Жамбыл және Алматы облысы шықты. Бұл кезеңде Алматы облысы Алматы қаласының палуандарын айласын асырса, Астана қаласы Жамбыл өңірінің құрамасын жеңді. Екі кездесуде 5:3 есебімен аяқталды.
Үшінші орын үшін белдесуде Алматы қаласы Жамбыл облысынан 7:1 есебімен басым түсті. Ал, финалда Алматы қаласының палуандары Астана құрамасын 5:3 есебімен ұтты.
Фото: Данияр Майлыбаев