Дзюдо. Шымкентте Қазақстан чемпионаты өтуде
Шымкентте ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды.
Елдің түкпір-түкпірінен келген 435 спортшы жүлделі орындар үшін бақ сынауда.
Жарыстың бірінші күні ерлер 60 және 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресті.
Ал, әйелдер болса 48 және 52 келіге дейінгі салмақ дәрежелері бойынша сынға түсті.
Ерлер. 60 келі:
1. Рустам Ибраев
2. Асхат Тельманов
3. Гумар Қырғызбаев және Жеңіс Сайлаубай
66 келі:
1. Мейіржан Қалтаев
2. Ғабит Есімбетов
3. Отабек Әміралиев және Елдос Жұмақанов
Қыздар. 48 келі:
1. Александра Подрядова
2. Меруерт Иманғалиева
3. Айгүл Байқұлова және Кәмшат Қарасайқызы
52 келі:
1. Гауһар Тұрмаханова
2. Олеся Куценко
3. Дарья Лунова және Гүлдана Алмаұханбетова
Жарыс 16 қарашада аяқталады. Оның қортындысы бойынша Қазақстанның Ұлттық құрама командасының құрамы анықталады.
Еске сала кетейік, «KAZsport» телеарнасы дзюдодан ҚР чемпионатының финалдық бәсекелерін көрсетуде.
Фото: fdk.kz