Айбек Еңсеханов пен Нұрмахан Тінәлиев жеңіс тұғырынан көрінді
Семейде Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Болат Тұрлыханов атындағы турнирдің жеңімпаздарын анықталды Грек-рим күресі турнирі 6 олимпиадалық салмақта өткен болатын.
Болат Тұрлыхановты еске алуға арналған жарысқа 10 елдің өкілдері қатысты. Атап айтар болсақ, Армения, Беларусь, Венгрия, Оңтүстік Корея, Қырғыз Республикасы, Литва, Ресей, Өзбекстан, Украина және Қазақстан палуандары бақ сынады, деп хабарлайды confederation.kz.
- Турнир өте жоғары деңгейде өтті. Күрес сапасының жақсылығы таңғалдырды. Спортшылар жеңіс үшін аянып қалмай, бар шеберліктерін ортаға салды, - дейді ҚР грек-рим күресінен мемлекеттік жаттықтырушы Мейірхан Рахметов.
ХХ Болат Тұрлыханов мемориалының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
59 келі: 1. Мингиян Семенов (Ресей), 2. Бекхан Манкеев (Ресей), 3. Фируз Тохтаев (Өзбекстан), 3. Бағлан Жақанша (Қазақстан).
66 келі: 1. Айбек Еңсеханов (Қазақстан), 2. Ру Хан Чи (Оңтүстік Корея), 3. Нұрлан Нұрғалиев (Қазақстан), 3. Эльдар Қайратов (Қазақстан).
75 келі: 1. Ким Ху Во (Оңтүстік Корея), 2. Адлан Акиев (Ресей), 3. Асхат Ділмұхамедов (Қазақстан), 3. Даниял Гаджиев (Қазақстан).
85 келі: 1. Артур Хачинян (Армения), 2. Азат Бейсебеков (Қырғыз Республикасы), 3. Жанарбек Кенжеев (Қырғыз Республикасы), 3. Давид Гамзатов (Беларусь).
98 келі: 1. Никита Мельников (Ресей), 2. Ан Хан Гун (Оңтүстік Корея), 3. Жасұлан Сыздықов (Қазақстан), 3. Тимофей Динифенко (Беларусь).
130 келіден жоғары: 1. Нұрмахан Тінәлиев (Қазақстан), 2. Миндаугас Муминизгаутис (Литва), 3. Кирилл Гришенко (Беларусь), 3. Сергей Андрейчук (Ресей).