Қазақстандық палуандар Иван Ярыгин атындағы турнирге қатысуда
Ресейдің Красноярск қаласында әйелдер күресі мен еркін күрестен «Иван Ярыгин» Голден Гран-при халықаралық турнирі өтуде.
Екі дүркін Олимпиада чемпионы, әлем біріншілігі мен мен Еуропаның көп дүркін жеңімпазын еске алу құрметіне ұйымдастырылатын сайысқа әлемнің 15 елінен келген спортшылар бақ сынауда. Жарыс 25 қаңтарға дейін жалғасады, деп хабарлайды confederation.kz.
Сайысқа еркін күрестен қатысатын Қазақстан құрамасы:
57 келі: Расул Қалиев, Сана Артас, Шоқан Шыңғысов, Нұрсұлтан Найзабеков;
61 келі: Дәулет Ниязбеков, Дамир Төлеукенов, Руслан Сексенбаев
65 келі: Дәурен Жұмағазиев, Саятбек Оқасов, Мейіржан Әшіров, Амандық Бакеев;
70 келі: Азамат Өміржанов, Нұрлан Бекжанов, Азат Сақаев;
74 келі: Ғалымжан Өсербаев, Жігер Закиров, Цотне Барамидзе;
86 келі: Есболат Нұржұмбаев, Аслан Кахидзе, Ислам Азизов;
96 келі: Мамед Ибрагимов, Әлихан Жұмаев;
125 келі: Дәулет Шабанбай, Ержан Дүйсенбеков.
Бас бапкер - Руслан Өмірәлиев.
Әйелдер күресінен ҚР құрамасы:
48 келі: Элеонора Әбутәліпова, Айдана Өтеғұлова, Залина Жапарова;
53 келі: Татьяна Аманжол, Айжан Исмағұлова, Кристина Яловенко, Назгүл Нұрахан;
58 келі: Айым Әбділдина;
60 келі: Джулия Сәтімбекова, Юлия Хамелис;
63 келі: Ольга Калинина, Эльмира Сыздықова;
69 келі: Екатерина Ларионова, Әльфия Шындәулетова.
Бас бапкер - Қайрат Сағадиев