Қазақстандық бапкер Рио-де-Жанейро Олимпиадасында дзюдо жарыстарында қазы болады
Дзюдо спортынан бапкер және төреші қостанайлық Евгений Мовчан 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарында қазылық ету іріктеуінен өтті.
2014 жылдың соңында Гонконгте Азия чемпионаты кезінде халықаралық төрешілер семинары өткен. Сол кезде Олимпиадада төрелік ететін төрешілер таңдалынған.
Іріктеуге Азия, Африка, Еуропа және Америкадан 15 маман қатысты. Семинарға Қазақстанның атынан бір ғана маман, яғни Қостанайдағы балалар мен жасөспірімдерге арналған олимиадалық даярлық мектебінің бапкері, халықаралық дәрежедегі төреші Евгений Мовчан қатысқан. Ол 10 төрешімен қатар қатаң іріктеуден өтті.
«Әр спортшы үшін Олимпиада ойындарына қатысу – басты арман. Мен спортшы ретінде Олимпиада ойындарына қатыса алмадым, алайда төреші ретінде қатысу мен үшін үлкен құрмет пен абырой», - дейді Евгений Мовчан.