Дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан чемпиондары анықталды
Қалыптасқан дәстүр бойынша жылдың басында спорт түрлері бойынша жастар арасында ел чемпиондары анықталады. Олардың қатарында жас дзюдошылар да бар.
27 ақпан мен 1 наурыз аралығында Атырау қаласында дзюдодан жастар арасында ел біріншілігі өтіп, оған 418 спортшы қатысты.
Жеңімпаздар:
Қыздар арасында:
44 кг - Ақмарал Науатбек (Астана қ.)
48 кг - Айжан Жылқыбаева (ОҚО)
52 кг - Кәмшат Қарасайқызы (Маңғыстау облысы)
57 кг - Мөлдір Болатбекова (Қызылорда обл.)
63 кг - Айгерім Әбілқадірова (Астана қ.)
70 кг - Жанар Қашқын (Алматы обл.)
78 кг - Кадірбекова Перизат (ОҚО)
+ 78 кг - Назгүл Маратова (СҚО)
Ерлер арасында:
55 кг - Қанат Сейілхан (Атырау обл.)
60 кг - Жақсыбек Жеңісбек (Қызылорда обл.)
66 кг - Ерлан Серікжанов (ОҚО)
73 кг - Дидар Хамза (ОҚО)
81 кг - Бахытжан Әлімжанұлы (Алматы қ.)
90 кг - Темірлан Қолбай (БҚО)
100 кг - Михаил Раков (Қарағанды қ.)
+100 кг - Еламан Ерғалиев (Қызылорда қ.)
Командалық есепте 4 алтын, 3 қола жүлде иеленген ОҚО спортшылары бірінші орын алса, 3 алтын, 4 күміс пен 7 қола медальдарға ие болған Қызылорда облысының дзюдошылары екінші орынға тұрақтады. Ал 2 алтын, 1 күміс пен 2 қола ұтқан Астана қаласының құрамасы үшінші орыннан көрінді.
confederation.kz