Минскіде еркін күрес пен әйелдер күресінен Гран-при бәсекесі өтуде
Кеше «Беларусия» Спорт сарайында үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Медведьтің жүлдесіне әйелдер күресі мен еркін күрестен 45-ші Халықаралық жарыс басталады. Дәстүрлі додаға 28 ел құрамаларынан 300-ден астам спортшы қатысуда.
Бұл турнир 1970 жылдан өтіп кележатыр, ал, 1994 жылдан бері Халықаралық күрес федерациясы жарысты Гран-при сериялы жарыстарға қосты.
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының сапында Элеонора Абуталипова және Ирина Борисова (48 кг), Марина Седнева мен Айжан Ысмағұлова (55 кг), Аяулым Қасымова мен Мадина Бақбергенова (60 кг), Азиза Тұрмағанбет, Алма Сүрімбетова мен Эльмира Сыздықова (69 кг) өнер көрсетеді.
Ерлер құрамасы: Данияр Құттыбек (57 кг), Саятбек Оқасов, Бақдаулет Уәли, Асхат Исламханов және Амандык Бакеев (65 кг), Нұрдаулет Көктеубаев пен Ақжүрек Таңатаров, Аслан Азизов, Ілияс Сатыбалдин, Нұрлан Бекжанов, Болат Сақаев, Берік Арынов, Жігер Закиров (74 кг), Әлихан Жұмаев және Мамед Ибрагимов (97 кг).
Бүгін келесі салмақ дәрежелерінде жеңімпаздар анықталады - әйелдер - 53, 58, 63, 75 кг; ерлер - 61, 70, 86, 125 кг.