Mongolia Open-2015. Эльмира Сыздықова мен Татьяна Аманжол-Бакатюк алтын медаль иеленді
Қазақстандық палуандар Эльмира Сыздықова мен Татьяна Аманжол-Бакатюк Ұланбатырда (Моңғолия) өткен «Mongolia Open-2015» халықаралық жарысында бірінші орынға ие болды.
Жарысқа Жапония, АҚШ, Ресей, Қазақстан және Беларусь елдерінен азиялық және еуропалық командалар қатысқан.
69 келі салмақ дәрежесінде белдескен Эльмира Сыздықова финалда Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, АҚШ спортшысы Рэнди Миллерді жеңді.
Сонымен қатар, Кисель Ирина, Екатерина Ларионова, Аяулым Қасымова, Гүлмарал Еркебаева қола медальдарға қол жеткізген.
Фото: ҚазАқпарат