Шымкентте дзюдодан халықаралық турнир өтеді
Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2-4 сәуір күндері жастар арасында дзюдодан IV халықаралық турнир өтеді.
Спорттық шара Қазақ хандығының 550 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы және Қазақстан Ресупбликасы Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналмақ.
Дзюдодан Шымкент ашық біріншілігі Оңтүстік Қазақстан облыстық дзюдо федерациясының және күрес түрлерінен № 10 мамандандырылған балалар мен жәсөспірімдер мектебінің қолдауымен өтеді. Турнирге 1995-1996 жылдары туған спортшылары қатысады.
«Бұл спорттық сайыстың мәні — көршілес елдердің өзара ынтымағы мен қарым-қатынасын нығайтып, жасөспірім спортшылардың біліктілігін шыңдау», - дейді жарысты ұйымдастырушылар. Сонымен қатар аталмыш шара қала тұрғындарын салауатты өмір салтын қалыптастыруға үндейді.
kz.otyrar.kz