Дзюдошы Дастан Ықыбаев Гран При жарысының күміс жүлдегері атанды

Қазақ дзюдошысы Дастан Ықыбаев Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан Гран При жарысының күміс жүлдесін жеңіп алды. 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресетін спортшы жеребе тарту нәтижесі бойынша бірден екінші айналымға шықты. Алғашқы кездесуінде ол ресейлік Денис Ярцевті ұтты, екінші белдесуінде армениялық Давид Никогосяннан басым түсті. Жартылай финалға жолдама алу үшін ол Әзірбайжан спортшысы Хусейн Рахимлиді жеңді. Жартылай финалда Дастан татами иесі грузия палуаны Звиад Капанадзеден айласын асырып, ақтық сынға жолдама алды. Финалда Рустам Оруджевтен ұтылып, жарыстың күміс жүлдегері атанды. Бүгін татамиге, Әсет Ахметжанов (90 келі), Айбол Айтбек (90 келі), Виктор Демьяненко ( 100 келі), Ержан Шынкеев (100 келіден жоғары) және Руслан Әбдіразақов ( 100 келідне жоғары) шығады.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды