5-кезең. Чилекито-Тукуман
«Дакар-2014» раллиінің бесінші кезеңінің ұзақтығы 511 шақырымға созылды. «Tatra» көлігін мінген Артур Ардавичус, Алексей Никижев және Радим Капланек бұл кезеңде мәре сызығын төртінші болып кесті. Олар бұл аралықты 5 сағат, 8 минут және 49 секундта жүріп өтті.
Ал кезең жеңімпазы ресейлік «КАМАЗ-Мастер» өкілі Дмитрий Сотниковтің уақыты – 4 сағат, 47 минут және 56 секунд. Оның отандасы Андрей Каргинов 2 минут және 56 секундқа қалып, екінші орынды иеленді. Ал жалпы есепте көш бастап келе жатқан голландиялық Жерар де Рой («Iveco») үшінші орында.
Жол талғамайтын көліктер ішінен испандық Хоан Нани Рома (MINI) топ жарды. Ол оңтүстікафрикалық Джиниэл де Вильерс («Toyota)») пен америкалық Робби Гордонды (MINI) шаң қаптырып кетті. Ал қазақстандық экипаж – Айдын Рақымбаев пен Владимир Демьяненко испандық спортшыдан 1 сағат, 7 минут және 51 секунд қалып қойды. Олар кезеңді 16-шы болып аяқтады. Ал Денис Березовский мен Игнат Фальков нәтижесі – 41 орын.