Дзюдошы Назгүл Маратова Санкт- Петербургта өткен Еуропа кубогында қола жүлде иеленді
Санкт- Петербургта дзюдодан Еуропа кубогы өтті. Жарысқа Қазақстаннан жалғыз спортшы Назгүл Маратова қатысты. ҚР спорт шебері Назгүл жастар арасында 78 келіден артық салмақ дәрежесінде Еуропа кубогының қола жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.