Дзюдошы Жанар Қашқын Жазғы Универсиаданың қола жүлдегері атанды
Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан Жазғы Универсиадада 70 келі салмақта қазақстандық дзюдошы Жанар Қашқын қола медаль ұтып алды.
Жанар бірінші қырғызстандық Айжан Қайырбековадан басым түсіп, тайпейлік Шан Люден жеңілді. Ал, жұбаныш белдесуінде моңғолдық Нямсурэн Ундрахзаяны, итальяндық Ферари Валерияны ұтты.
Үшінші орынға кездесу кезінде Бразилия дзюдошысы Аманда Оливейрді жеңді.