Қазақстандық төреші Біріккен күрес әлемінің (UWW) супервайзері ретінде тағайындалды
Тарихта тұңғыш рет қазақстандық төреші Біріккен күрес әлемінің (UWW) супервайзері қызметіне тағайындалды.
Грек-рим, еркін және әйелдер күресінің төрешісі Бақытжан Жақсықұлов Франкфурт (Германия) қаласында өткен төрешілердің іріктеу-семинарына қатысып, арнайы емтиханнан өтіп, үздік нәтижеге ие болды.
Біріккен күрес әлемінің (UWW) президенті Ненад Лалович қазақстандықты халықаралық Федерациясының супервайзері қызметіне тағайындады.
Айта кетейік, Бақытжан Жақсықұлов Қазақстаннан ғана емес, бүкіл Азия аумағынан бірінші супервайзер атанды. Жалпы әлемде тек сегіз супервайзер бар.
Фото: confederation.kz