Қазақстандық дзюдошылар «Үлкен дулыға» турнирінің алғашқы күні бір күміс пен екі қола медаль иеленді
Ресейде дзюдодан «Үлкен дулыға» турнирінің кезеңі басталды. «GRAND SLAM» сериясының халықаралық турнирінде қазақстандық дзюдошылар жарыстың бірінші күні үш медаль ұтып алды.
60 келіге дейінгі салмақта Айбек Имашев пен Асхат Тельманов үшінші орынды еншіледі. Ал, 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ғабит Есімбетов күміске қол жеткізді. Бірінші орын жапониялық спортшы Томофуми Такаджоға бұйырды.