Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Еуропа Кубогы турнирінде 6 медаль алды
Чехия астанасы Прага қаласында 25-26 шілдеде өткен турнирде Қазақстан жастар Ұлттық құрамасының мүшелері Мағжан Шамшадин, Жақсыбек Жеңісбек алтын медаль алса, Дидар Тәттібай мен Жанар Қашқын күмісті місе тұтты.
Ал, Қанат Сейілхан мен Бауыржан Жауынтаев қола медаль иеленді.
6 медаль ұтқан қазақ спортшылары Бразилия мен Украинадан кейін командалық есепте үшінші орында.