Еркін күрестен жастар арасындағы Әлем чемпионатында жерлестеріміз екі қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық еркін күресші спортшылар Бразилияның Сальвадоре-де-Байя қаласында өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатынан медальмен оралды. Алғашқы қола медальді 96 келідегі палуан Бақдәулет Әлментай жеңіп алды. Ол үшінші орын үшін өткен бәсекеде финляндиялық палуан Хейно Тапониді 7:4 есебімен ұтқан. Жарыс жолында Бақдәулет жапониялық қарсыласын уақытынан бұрын жеңсе, жартылай финалда әзірбайжандық спортшыдан жеңіліп қалған. Екінші қола медальді 84 келідегі Илисхан Чилаев жарыстың соңғы күні жеңіп алды. Илисхан Чилаев бірінші кездесуінде үндістандық палуанды уақытынан бұрын жеңсе, қола медаль үшін өткен күресте польшалық қарсыласын 5:2 есебімен жеңген.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды