Өзбекстанда өтетін Гран-при турниріне 400 ден аса палуан қатыспақ
Қазан айының 1-3 күндері Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дзюдо бойынша кезекті Гран-при турнирі өтеді. Үшінші рет ұйымдастырылып жатқан турнирге қатысушылар жыл өткен сайын көбейіп келеді.
2013 жылы турниге 20 елдің спортшылары қатысса, былтыр 42 мемлекеттен спортшылар келген. Ал, биыл 60 мемлекеттен 411-ге жуық дзюдошы келеді, деп күтілуде. Бұлардың қатарында қазақстандық спортшылар да бар.
Гран-при турнирінде Рио Олимпиадасына лицензиялық ұпайлар беріледі.