Британия астанасы Лондонда «Болашақ Барысы» турнирі өтті
Кеше Лондонда «Болашақ» бағдарламасымен Англияда оқитын студенттер арасында қазақ күресінен «Болашақ Барысы» турнирі өз мәресіне жетті.
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орайластырылған турнирді «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры мен «ҚазАльянс» қауымдастығы ұйымдастырған. Лондонда өткен турнирде 74 келіден жоғары салмақ дәрежесінде барлығы 16 палуан қатысты.
Турнирде Айдар Қойшыбаев 1-орын, Асқар Шарапатов 2-орын, Дәурен Дубербаев 3-орынға ие болды. «Болашақ Барысы» турнирінде халықаралық дәрежедегі төреші Нұрлыбек Ермағамбетов пен ұлттық дәрежедегі төреші Ерлан Естек төрелік етті.