Қазақстандық самбошылар Есет Қуанов пен Ділдәш Күрішбаева Әлем чемпионатында қола медаль иеленді
Мароккода спорттық және әскери самбодан Әлем чемпионаты өтті.
Жарыстың 3-ші күні 62 келіге дейін салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Есет Қуанов қола медаль иеленді.
1. Иван Анискевич (Беларусь)
2. Жавидан Гараев (Әзірбайжан)
3. Давлатжон Хамроев (Өзбекстан)
3. Есет Қуанов (Қазақстан)
Ал, осы күні 68 келіде бақ сынаған жерлесіміз Ділдәш Күрішбаева да қола жүлде алды.
1. Ольга Захарцова (Ресей)
2. Нино Одзелашвили (Грузия)
3. Йоханна Йлинен (Финляндия)
3. Ділдәш Күрішбаева (Қазақстан).