Оңтүстік Кореядағы Гран-при турнирінде қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэгцэг чемпион атанды
Қазақстан Ұлттық құрамасының 48 келідегі дзюдошысы Галбадрах Отгонцэгцэг Гран-при турнирінде чемпион атанды, деп хабарлайды fdk.kz сайты.
Галбадрах Отгонцэгцэг жартылай финалда Лондон Олимпиаласының чемпионы бразилиялық Сару Менезесті ұтты. Ал, финалда тағы бір Лондон Олипмпиадасының жүлдегері венгриялық Ева Черновицкимен кездесіп, жерлесіміз 2:0 есебімен жеңіске жетті. Сондай-ақ, 300 рейтингтік ұпай жинады.
Қола медальді Оңтүсіккореялық Бо Кьо Джонг пен түркиялық дзюдошы Дилара Локманхеки иеленді.