Алмат Кебіспаев Бакуде өткен «Алтын Гран-при» турнирінің чемпионы атанды
Әзірбайжан астанасы Бакуде күрес бойынша «Алтын Гран-При» турнирі аяқталды.
Грек-рим күресінен 59 келіге дейінгі Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі Алмат Кебіспаев Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен грек-рим күресінен «Алтын Гран-При» турнирінде чемпион атанды. Ол финалда Әлем чемпионатының жүлдегері өзбекстандық палуан Елмұрат Тасмұратовты ұтып, чемпион атанды.
130 келіге дейінгі салмақтағы палуанымыз Нұрмұхамбет Тінәлиев жергілікті спортшы Сабах Сарьятиден 3:7 есебімен ұтылып, күміс жүлдегер атанды.
Ал, еркін күрестен ерлер арасындағы 61 келіге дейінгі Ұлттық құрама мүшесі Дәулет Ниязбеков пен қыздар құрамасының мүшесі Айым Әбділдина турнирдің қола жүлдегерлері атанды.