Ақтаулық палуан қыздар халықаралық турнирде 3 алтын медаль иеленді
Ресейдің Гай қаласында өткен қыздар арасындағы еркін күрестен халықаралық турнирде ақтаулық палуан қыздар 3 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль иеленді.
Турнирге Ресей, Қазақстан, Беларусь және Қырғыз Республикасынан келген 300-ден аса спортшы қатысқан.
Үш күнге созылған турнирде 30 келі салмақта Марал Тәңірбергенова, 55 келі салмақта Зарина Османова және 70 келі салмақта Мария Мұңалбаевалар чемпион атанса, 30 келідегі Милена Алиева, 44 келіде күрескен Жарқынай Тұрғаниязова және 57 келідегі Кристина Ботоевалар турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Ал, 30 және 34 келіде сынға түскен Әсем және Сәбина Қайбұллаевалар кола жүлдегер атанды.