Қазақстандық палуандар халықаралық турнирде үш медаль иеленді
Абакан қаласында (Хакасия Республикасы, Ресей) еркін күрестен В.И.Чарковты еске алуға арналған Бүкілресейлік турнир өтті. Жарысқа барлығы 200 жас палуан қатысты.
Қазақстандық Айбек Сүлейменов (50 келі) 4 кездесуде жеңіске жетіп, чемпион атанса, 60 келіде күрескен Ерден Ізбасаров 3-ші орын алды. Ал, ең ауыр салмақта (120 келі) сынға түскен Алтынбек Батырбеков жарыстың күміс жүлдесін иеленді.