Қазақстандық дзюдошылар Олимпиадаға дейін 9 халықаралық жарысқа қатысады
Дзюдо күресінен Қазақстан құрамасы Ыстық көлдегі оқу-жаттығу жиынын аяқтады. 2016 жылы Олимпиада өтетіндіктен ел құрамасының мақсаты барынша көп лицензия ұтып алу.
Лицезиялық жарыстар 2016 жылдың 1 маусымында аяқталады. Соңғысы Мексикада өтетін «Мастерс» турнирі.
Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында қазақстандық дзюдошылар келесідей жарыстарда бақ сынайды:
«Grand Slam» (Париж, 6-7 ақпан),
«Grand Prix» (Дюссельдорф, 19-21 ақпан)
«European Open» (Прага, 27-28 ақпан)
«Grand Prix» (Тбилиси, 25-27 наурыз)
«Grand Prix» (Самсун, 1-3 сәуір)
Азия чемпионаты (Ташкент,15-17 сәуір)
«Grand Slam» (Баку, 6-8 мамыр)
«Grand Prix» (Алматы, 13-15 мамыр)
«Masters» (Гвадалахара, 27-29 мамыр).