Галбадрах Отгонцецег Парижде өткен «Grand-Slam» жарысында алтын алды
Қыздар арасында 48 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Галбадрах Отгонцецег өзінің нағыз бабында екенін көрсетті. Алдымен тунистік Саоди Олфаны жеңген ол, келесі кездесуінде 2014 жылдың Әлем чепмпионы, Астанада өткен әлем біріншілігінің қола жүлдегері жапон палуаны Ами Кондоны ұтты.
Үшінші айналымда кубалық Даярис Местре Альварестен басым түскен спортшымыз, бельгиялық дзюдошы, 2012 жылдың Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Чарлайн Ван Сникті жеңді. Ақтық сында жарыс жолында басты қарсыластарының бірі ретінде есептелетін 2013 жылдың Әлем чемпионы Мунхбат Уранцецегтен айласын асырып, алтын медальға қол жеткізді.
Ал, ерлер арасында 60 және 66 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан жігіттер арасынан ешкім жартылай финалға жете аламады.