9-кезең. Калама-Икик
«Дакар-2014» ралли-марафонының тоғызыншы кезеңі Каламадан басталды. Жол талғамайтын көліктер ішінен Франция спортшысы Стефан Петрансель («Mini») 4 сағат, 17 минут және 53 секунд нәтижесін көрсетіп, жеңіске жетті. Екінші және үшінші орынды оның командалас әріптестері - катарлық Нассер Салех Аль-Атттия (+2:17) мен испандық Хоан Нани Рома (+11:36) иеленді.
«Proto Overdrive» көлігін тізгіндеген Айдын Рақымбаев пен Владимир Демьяненко кезеңді 18-ші болы аяқтады. Олардың уақыты – 5 сағат, 25 минут және 22 секунд. Ал Т2 тобында «Nissan» көлігімен жарыс жолына шыққан Денис Березовский мен Игнат Фальков экипажы 35-ші орыннан көрінді.
Жалпы есепте Хоан Нани Рома бірінші орынды сақтап қалды. Рақымбаев экипажы бір сатыға төмен жылжыды. Ал Березовский экипажы Т2 тобында бесінші орында, ал жалпы есепте 43 орында тұр.
Кең далада жүйткіген жүк көліктерінің ішінен ресейлік «КАМАЗ-Мастер» командасының өкілі Андрей Каргинов суырылып алға шықты. Жеңімпаздың уақыты – 4:58:09. Екінші орында - Жерар де Рой («Iveco»). Тағы бір ресейлік команданың қатысушысы Эдуард Николаев үштікке ілінді.
Қазақстандық Артур Ардавичус, Алексей Никижев және Радим Капланек экипажы («Tatra») мәреге 12-ші болып жетті. Экипаж жалпы есепте 23-ші орыннан 21-ші орынға жылжыды.