Астанадағы турнирде қазақстандық екі палуан Рио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды
Астанада Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға лицензия сарапқа салынатын ең алғашқы біліктілік жарысы (Әлем чемпионатын есептемегенде) басталды.
Сайыстың алғашқы күні қазақстандық екі палуан Рио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Бірінші жолдаманы әйелдер арасында 69 келі салмақта күрескен Эльмира Сыздықова иеленді.
Ал, еркін күрестен 74 келі салмақта сынға түскен Ғалымжан Өсербаев финалға сүрінбей жетіп, Қазақстан қоржынына екінші жолдаманы салды.
Айта кетейік, жарысты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.