Алматыда таэквондодан (ITF) 8-ші Азия чемпионаты басталды
Чемпионатқа Азияның 18 елінен 350-дей таэквондошы қатысуда. Азия чемпионаты Халықаралық таэквондо федерациясының 8 бағдарламасы бойынша кадеттер - 11-13 жас, жасөспірімдер - 14-17 жас және 18 жастан жоғары ересектер арасында жеке және командалық есепте өткізіледі. Жарыс 30 наурызға дейін жалғасады.
Қазақстан құрамасы сапында 80-ге жуық мықты спортшылар өнер көрсетуде. Отандық мамандар командалық есепте бірінші орын алуға үміт артуда.