Қазақстан Ұлттық құрамасынан 5 дзюдошы Рио Олимпиадасына барады
Бүгін Дзюдо федерациясы Рио Олимпиадасына баратын спортшылардың тізімін бекітті.
XXXI Жазғы Олимпиадада Қазақстан намысын дзюдо спортынан 5 спортшы қорғайтын болды. Олар: Елдос Сметов (60 келі), Жансай Смағұлов (66 келі), Максим Раков (100 келі), Галбадрах Отгонцэцэг (48 келі) және Мариан Урдабаева (63 келі).
Айта кетейік, Максим Раков 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысып, 1/16 финалында ұтылып қалған болатын.
XXXI Жазғы Олимпиада 5-21 тамыз аралығында Бразилияда өтеді.