Қазақстандық балуан Мақсат Ережепов Азия чемпионы атанды
Үндістанның Нью-Дели қаласында грек-рим күресінен Азия чемпионатының бірінші жарыс күнінде бес салмақ дәрежесі (66, 75, 80, 98, 130) бойынша медальдар сарапқа салынды.
75 келі салмақта белдескен атыраулық балуан Мақсат Ережепов алтын жүлдегер атанды. Мақсат алғашқы кездесуінде қытайлық спортшыдан ұтылып жатып, намысты қолдан бермеді. Қарсыласын бес ұпайлық әдіске тастаған жерлесіміз ширек ширек финалға жолдама алған еді. Мақсаттың финалдағы қарсыласы кореялық Д.Пак болды.
Сондай-ақ, сайыстың алғашқы күнінде қазақстандық күресшілер екі күміс (Алмат Кебісбаев, Дамир Күзембаев) және бір қола (Ерұлан Ысқақов) медальдарға қол жеткізді.