«Ақтөбе» Таразға келді
Бүгін «Актөбе» Тараз қаласына келді. Ертең Тараздың жергілікті «Тараз» клубымен Қазақстан Кубогының бірінші жартылай финалында кездеседі. «Ақтөбе» құрамында «Астана» командасымен болған кездесуде алған жарақаттарына байланысты Роберт Примус және Сергей Гридин қатардан шығып қалды.Дәрігерлердің айтуынша, ақтөбелік шабуылшының қатарға қосылуына үш аптадай уақыт керек болса, қорғаушы Примусқа ота жасалып, біраз уақыт алаңға шыға алмайтын болды. Бұл жағдай команда ойынын едәуір әлсіретіп тұр. Онсыз да «Ақтөбе» сапында Марат Бикмаев пен Эмиль Кенжисариев жоқ. Қазақстан Кубогының бірінші жартылай финалы ертең, 25-ші қыркүйекте, Астана уақытымен сағат 17 00-де басталады. Ойынды тікелей эфирде «KAZsport» арнасынан көре аласыздар.