Бүгін Чемпиондар Лигасының екінші тур ойындары басталады
Алғашқы ойын күндері «E», «F» «G» және «H» тобындағы командалар алаңға шығады.
«E» тобында Бухаресттің «Стяуа» командасы лондондық «Челсиді» қабылдайды. Топтың кезеңнің алғашқы ойынында екі команда да жеңіліс тапқан болатын. «Стяуа» сырт алаңда «Шалькеден» ұтылды. Ал «Челси» өз алаңында «Базельге» есе жіберді. Бұл ойында «Челси» сапынанЭден Азар мен Кевин Де Брюйн жасыл алаңға шықпайды. Өйткені, соңғы матчта олардың ойыны бас бапкерге ұнамапты.
«F» тобында «Арсенал» мен «Наполи» кездеседі. Лондондықтар бұл матчқа Англия чемпионатының көшбасшы ретінде шығады. Арсен Венгер командасы нәтижелі ойын көрсетпегеніне көп уақыт болды. Ал «Наполи» мамыр айынан бастап тізгінді Рафаэль Бенистес алғалы бері жеңіліп көрмеген. Бенистес шәкірттері топтық кезеңнің алғашқы матчында Дортмундтық «Борруссияны» ұтты. Олар бұл кездесуде жеңісті жолдарын жалғастыруға ниетті.
«G» тобында әзірге ұпай жинамаған ресейлік «Зенит» пен австриялық «Аустрия» командасы кездеседі. Ал екінші ойын португалдық «Порту» мен испандық «Атлетико» арасында өтеді. Олардың қоржындарында ұш ұпайдан бар.
«Н» тобында «Аякс» «Миланды» қабылдайды. Сарапшылар Милан жеңіске жетеді деп жорамал жасауда.
Әлемнің ең үздік футболшыларының бірі, «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси жарақатына байланысты шотландиялық «Сельтикпен» өтетін ойынға қатыспайды.