Гари Нэвилл: «Мойестің команда жасақтауына 3-4 жылдай уақыты бар»
«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы капитаны клуб жетекшілігі бас бапкер Дэвид Мойеске жаңа команда жасақтау үшін мүмкіндік беретіндігіне сенімді. «Мен бұл маусымның ойыншылар үшін үлкен сынақ болатындығын айттым. Сэр Алекас Фергюсонсіз жеңісті жолды жалғастыру мүмкін бе? Бұл жерде тек Дэвид Мойес кінәлі емес. Команданың тәжірибелі ойыншылары бар, олардың өзі бұл жағдайда әлсіздік байқатты. Алекс Фергюсон де команданы 3 жылдай жасақтады. Мойес ешқайда кетпейді. Оның жаңа команда жасақтауына 3-4 жылдай уақыты бар», - деп мәлімдеді Нэйвилл. «Манчестер Юнайтед» бұл маусымды сәтсіз бастады. Жетекшілік клубтың Чемпиондар Лигасының келесі маусымына ілібей қалуының аяғы не болатындығын жақсы түсінеді. Өйткені, УЕФА бөлетін 30 миллион фунттан айырылады. Ал команданың үздік ойыншылары басқа клубқа ауысып кетуі де ықтимал. Сондықтан басшылық команда сапын күшейту үшін қажетті қаражат бөлуде жоспарлауда.