Торсхавндағы тең ойын
Фарер аралдары құрамасы мен Қазақстан құрамасы арасындағы 2014 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу матчы тең аяқталды.
Матч Фарер аралдарының Торсхавн қаласында өтті. Мирослав Беранек шәкірттеріне Фарер аралдарында ұпай жоғалтпау өте қажет болды.
Ойын бірден алма-кезек шабуылдармен басталды. Біздің футболшылар допқа көбірек иелік еткенімен, алаң қожайындары жылдам шабуылдармен Сидельников қорғаған қақпадан саңылау табуға тырысты. Алғашқы голды алаң иелері ойынның 40-шы минутында салды. Гол авторы – Хоанссон. Екінші таймда бұрыштамадан тебілген допқа Алексей Мулдаров пен Андрей Финонченко қатар ұмтылып, "шахтерлік" шабулшы гол соқты. Осылайша таразы басы теңесті. Қос команда бұдан соң бірнеше мәрте талпынып көргенімен, ойын соңына дейін осы есепке өзгеріс енгізе алмады.
Еске сала кетейік, қазанның 15-де Қазақстан құрамасы Дублинде, Ирландия құрамасымен ойнайды.
Фарер аралдары — Қазақстан 1:1 (1:0)
Голдар: Ханссон 41 (1:0), Финонченко 55 (1:1)
Ескерту: Шомко 68
Фарер аралдары құрамы: Нильсен, Нэс, Трауст-Давидсен, Балдвинссон, Давидсен, Удсен (Ольсен 77), Беньяминсен, Ханссон, Юстинуссен, Ламхауге-Хольст, Эдмундссон (Клеттскар 77)
Қазақстан құрамы: Сидельников, Гурман, Мулдаров (Логвиненко 80), Кислицын, Энгель, Коробкин, Богданов, Финонченко (Щеткин 90), Шомко, Жұмасқалиев (Байжанов 71), Хижниченко Бас төреші: Дмитрий Мунтян (Молдова)
11 қазан. Торсхавн. «Торсвеллур» стадионы .