Алматы шағын футболдан УЕФА Кубогының элиталық кезеңін қабылдайды
Алматы шағын футболдан УЕФА Кубогының элиталық кезеңін қабылдайды.
Бұл кезеңде іріктеуден сүрінбей шыққан 12 команда УЕФА-да ең жоғары рейтингке ие 4 клубтың қатарына қосылады. Олар – алматылық «Қайрат», ресейлік «Динамо», испаниялық «Барселона» және португалиялық «Спортинг». Бұл кезеңнің ойындары 19-24 қараша күндері өтеді, деп хабарлайды Европаның футбол қауымдастығы. Негізгі кезеңде бір топта өнер көрсеткен командалар әр топқа бөлінеді. Қазақстан намысын қорғайтын «Қайрат» пен қарағандылық «Тұлпар» бір-бірімен кездеспейді.
Шешуші кезең сәуір айында өтеді. Финалдық турнирдің қай жақта өтетіндігін УЕФА-ның Атқарушы комитеті 12 желтоқсанда Бильбаода өтетін жиында анықтамақ.