«Шахтер» - «АЗ Алкмаар». Бас төреші - Евгений Арановский
Украиналық қазылар Астанада өтетін «Шахтер» - «АЗ Алкмаар» матчына төрешілік етеді.
Украиналық төреші Евгений Арановский Европа Лигасының топтық кезеңінің үшінші турында қарағандылық «Шахтер» мен голландиялық «АЗ Алкмаар» матчына қазылық етеді.
Оның көмекшілері де украиналықтар - Александр Войтюк, Сергей Беккер, Сергей Бойко және Анатолий Абдула.
Матч 24 қазан күні «Астана-Арена» стадионында өтеді. Ойынның басталуы уақыты – 22:00.
Екі турдан кейін «Шахтер» еншісінде – 1 ұпай, ал «АЗ Алкмаар» еншісінде 4 ұпай бар.