Қазақстан-2013 чемпионатының үздік футболшысы анықталды
Қарағандылық «Шахтер» мен Қазақстан құрамасының футболшысы Андрей Финонченко Қазақстан-2013 чемпионатының үздік футболшысын анықтауға арналған сауалнамада жеңімпаз атанды, деп хабарлады Sports.kz.
Сауалнама премьер-лига құрамаларының футболшылары мен бас жаттықтырушыларының арасында жүргізілді. Қорытынды нәтиже олардың ай сайын жинаған ұпайларынан жасалды.
«Шахтер» командасы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы, кеншілер капитаны Андрей Финонченко Қазақстан чемпионатында үздік футболшы атанды. Өзінің клубымен бірге ол осы кезеңде Суперкубок пен Қазақстан Кубогының иегері атанды.
Команда Европа Лигасының топтық раундына қатысу құқығына ие болды. Қазақстан құрамасының қатарында екі жарым жыл болмаған саңлақ спортшы 4 ойынға қатысып, екі гол соққан.
Ал іріктеу матчында Қазақстан құрамасына 4 ұпай әкелді. Сондай-ақ, өткен маусымда Қазақстан чемпионатында «Шахтер» үшін қақпаға соққан голдар санын 97-ге жеткізді. Осылайша Руслан Иманқұловтан озып, Қарағанды клубының тарихында үздік шабуылдаушы атанды.